"Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ 6 ай мерзімге 450 млн. теңгелік вексельдер шығарды
ҚР Ұлттық банкінің классификациясы бойынша бірінші категориялы вексель эмитенті болып табылатын "Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ 6-сәуірде 6 ай мерзімге 450 млн. теңгелік вексельдер шығарды. Компанияның Ұлттық банк сатып алатын вексельдер лимиті 1,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның қазынашылық басқармасынан таратқан хабарламадан мәлім болды. |
"Қазақстан Темір жолы" ҰК ЖАҚ-ның бұл жолғы вексель эмиссиясына қаржылық оператор міндетін тағы да "Альянс Банк" АҚ атқарды.
Бұл вексельдер тауар сатушылармен есеп айырысуға арналған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін