Бұл туралы бүгiн елордада «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық Тау-кен және Металлургия Конгрессі барысында ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi.
«Қазақстандық металл брендтерiн дамытуға келетiн болсақ, бiз Қазақстан титанының әлемдiк сегменттегi үлесiн 11 пайыздан 20 пайызға дейiн арттыруды жоспарлап отырмыз» , — дедi ол.
Оның айтуынша, инвестиция тарту үшiн тау-кен саласында жер қойнауын пайдалану құқығын берудi жеңiлдету көзделуде.
«Ол батыс Австралияның тәжiрибесiнен алынады. Онда «бiрiншi келдiң, бiрiншi алдың» деген принцип қолданылады. Ол үшiн «Жер қойнауы туралы» кодекс жасақталуда», — деп атап өттi Б. Сағынтаев.
«Қазақстанның тау-кен кешенiн дамыту мақсатында осы салаға трансұлттық компанияларды тарту көзделген. Қазiрдiң өзiнде «Glencore», «Арселлор», «POSCA», «ЕуразХолдинг» сынды iрi компаниялар жұмыс iстеп жатыр. Осы бағыттағы жұмысты күшейте бермекпіз», -деді ол.