Қазақстан - ТМД аясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет - Мәскеу қаласының Мэрі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан - ТМД аясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет - Мәскеу қаласының Мэрі

Қазақстан - ТМД аясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет - Мәскеу қаласының Мэрі

"Экономикалық, саяси, шаруашылық және адами даму тұрғысынан алып қарағанда Қазақстан - ТМД аясындағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет". Бүгін, 13-желтоқсанда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Мәскеу қаласының Мэрі Юрий Лужков осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілуіне байланысты бұл кездесудің мен үшін маңызы айрықша зор»,- деді Ю.Лужков Қазақстан Елбасымен бір сағатқа жуық созылған жүздесуден кейін. Ол сондай-ақ, ТМД шеңберіндегі жағдайды жіті қадағалап отырғанын айта келіп, «Қазақстан президенті ұсынып отырған бағдарламаларға сәйкес экономикалық ахуалға қатысты ақпараттар алмасу үлкен нәтижесін берді»,- деп пайымдайтынын жеткізді.

Атап айтсақ, Мәскеу қаласының Мэрі Қазақстанның телекоммуникация рыногындағы инвестициялық-инновациялық бағдарламасына және Қазақстанның экономикалық Ұлттық қорын құру принциптеріне қатысты өз пікірін білдірді. «Қазақстанда жоспарланып және жүзеге асырылып жатқан жүйелерге өз таңданысымды білдіремін»,- деді ол.
Сөз соңында Мәскеу қаласының Мэрі Қазақстан азаматтарын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мәскеу қаласының Мэрі Юрий Лужковқа ҚР президентінің жарлығымен достық пен бейбітшілікті нығайтуға, халықтар арасындағы өзара сенімді арттыруға қосқан зор үлесі және Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің 2003-жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы тағайындалған болатын. Марапаттау рәсімі бүгін, 13-желтоқсанда Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар