Қазақстан төлқұжаты ықпалдылық рейтингінде Орталық Азия бойынша бірінші орынға ие - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан төлқұжаты ықпалдылық рейтингінде Орталық Азия бойынша бірінші орынға ие

Қазақстан төлқұжаты ықпалдылық рейтингінде Орталық Азия бойынша бірінші орынға ие

Әлемнің 198 елінің ең ықпалды төлқұжаттары рейтингін құрастырған «Arton Capital» халықаралық қаржылық-консалтингтік компаниясының деректері бойынша

  • 14 Мамыр 2015
  • 678
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр.

Елдер төлқұжаттары өз ықпалдылықтары бойынша 80 топқа бөлінді. Тізімді жасауға негізгі критерий төлқұжат иелері визасыз бара алатын елдер саны болды.

Сонымен, қазақстандық азаматтар әлемнің 65 еліне виза алмай бара алады екен. Жалпы, әлемдік рейтингте 53-ші орынды иеленген қазақстандық төлқұжат Орталық Азия елдері арасында ықпалдылық рейтингінде бірінші сатыда тұр.

Қазақстаннан кейін Орталық Азиядағы екінші нәтиже жалпы әлемдік рейтингте 63-ші орында тұрған Қырғызстанда, олардың азаматтары 53 елге визасыз шыға алады екен.

Өзбекстан мен Тәжікстан 64-ші орында, бұл елдердің азаматтары визасыз 53 елге бара алады.

Ең төменгі көрсеткіш Түрікменстанда — 70-ші орын (47 ел).