126-шы орынға Қазақстанмен бірге Гондурас, Әзірбайжан, Непал, Пәкістан, Тоголез республикасы мен Гамбия тұрақтап отыр.
Transparency International Kazakhstan хабарламасына сүйенсек, «ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингі сарапшылары елде аталған бағытта жағымды өзгерістер байқалатынын атап өтіпті. Бизнес жетекшілері арасында жүргізілген ғаламдық сауалнама нәтижесі де осыған саяды.
Ресей 127-ші орыннан 136-шы орынға төмендеп, бұл орынды Нигерия, Ливан, Қырғызстан, Иран және Камерунмен бөлісті.
Жалпы рейтингтегі алғашқы үш орынды Дания, Жаңа Зеландия мен Финляндия иеленді. Соңғы орындар Солтүстік Корея мен Сомалидің еншісінде.