Қазақстан тұрғындарының ширек бөлігінің кіріс көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді - БҰҰ Даму бағдарламасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тұрғындарының ширек бөлігінің кіріс көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді - БҰҰ Даму бағдарламасы

Қазақстан тұрғындарының ширек бөлігінің кіріс көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді - БҰҰ Даму бағдарламасы

"Қазақтанда өтпелі кезеңге тән кедейлік тауқыметі әлі де жойылған жоқ". Бұл туралы бүгін, 17-қазанда Алматыда өткен кедейлікпен күреске қатысушы үкіметтік емес ұйымдардың тұсаукесер рәсімінде БҰҰ Даму бағдарламасының кедейлікпен күрес бөлімінің ассистенті Сәлима Саламова пікір білдірді. Кедейлікті түп-тамырымен жою жөніндегі Халықаралық күнге орайластыра өткізілген осынау тұсаукесер рәсімін БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұйымдастырып отыр.

  • 17 Қазан 2003
  • 712
Фото - Caravan.kz

С.Саламованың айтуынша, 2002-жылы еліміз тұрғындарының ширек бөлігінің кіріс мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпеген. Олардың 59 процентін еліміздің әлеуметтік белсенді азаматтары құрайды. Ал халықтың кедей бөлігін құрайтын азаматтардың 35 процентін балалар иемденеді.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы соңғы бірнеше жыл бойы кедейлікті жою бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеді. Ұйым өкілдерінің хабарлауынша, соңғы жылдарда БҰҰ Даму бағдарламасы кедейліктің тамырына балта шабу ісімен айналысып келе жатқан бірнеше қазақстандық үкіметтік емес ұйымның жұмысын қаржыландырды. Атап айтсақ, осындай көмек кедейлікті азайту жөніндегі Қызылордалық үйлестіру орталығына, сондай-ақ, Семей және Орал аймақтарында жұмыс істейтін ұйымдарға берілді.
Тұсаукесер рәсіміне қатысушы үкіметтік емес ұйым өкілдері елімізің әлеуметтік саладағы заңнамаларын жетілдіру қажеттігіне тоқталды. «Аманат» корпоративтік қорының атқарушы директоры Шолпан Байболова әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қордың мемлекеттік құрылымдар тарапынан енжарлыққа тап болғанын атап көрсетті. Ал шын мәнінде шенеуніктер, Ш.Байболованың айтуынша, бірінші кезекте халыққа көмек көрсету саласына жан-жақты жәрдемдесуге тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кедейлікті түп-тамырымен жою жөніндегі Халықаралық күн БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен 17-қазанда атап өтіледі. 2000-жылы Нью-Йоркте өткен Мыңжылдық саммитінде әлемнің барлық мемлекеттерінің президенттері Мыңжылдық декларациясына қол қойып, 2015-жылы Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге міндеттеме жүктеп алған болатын. Кедейлікті азайту — Мыңжылдық даму мақсаттары арасындағы №1 мақсат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар