Қазақстан туристердің құқығын бұзатын шетелдік қонақүйлер мен турфирмалардың «қара тізімін» жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан туристердің құқығын бұзатын шетелдік қонақүйлер мен турфирмалардың «қара тізімін» жасайды

Қазақстан туристердің құқығын бұзатын шетелдік қонақүйлер мен турфирмалардың «қара тізімін» жасайды

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристердің құқығы бұзылғандығы жайындағы кез келген  ақпаратты жіті қадағалап отырады және отандастарымыздың құқығын бұзған шетелдік қонақ үйлер мен туристік фирмалардң «қара тізімін» жариялайды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2014
  • 590
Фото - Caravan.kz

Қазақстанды туристердің құқығын бұзған қонақүйлер мен туристік фирмалардың тізімі туристердің ақпаратының арқасында жаңартылып тұрады. 

Айта кетейік, өткен айда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне Түркияда демалыста жүрген «Almaz tourizm» туроператорының қазақстандық клиенттерінен кейбір қонақ үйлердің өкілдері тарапынан қысым туындап жатқандығы туралы шағымдары келіп түсе бастады. Осыдан кейін комитет Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігіне туындаған мәселе бойынша қазақстандық туристер үшін заңды шешім табуға жәрдемдесуін сұрап хат жолдады.

Сондай-ақ «Trek Travel International» компаниясының басшысына қазақстандық туристердің қонақ үйге қайта төлем жасауларына жол берілмейтіндігі туралы айтылған хат жіберілді.


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев БҰҰ Бүкіләлемдік  туристік ұйымының (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рифаиға да хат жолдап, мұндай тәжірибе әлемдік туристік қоғамдастықта кәсібиліксіз және мәдениетсіздік ретінде талқыланатындығын атап өтті.