Қазақстан Түркменстанмен экономикалық және саяси қатынастарды дамытуға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Түркменстанмен экономикалық және саяси қатынастарды дамытуға дайын

Қазақстан Түркменстанмен экономикалық және саяси қатынастарды дамытуға дайын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сейсенбіде Түркменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары- сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.

  • 12 Тамыз 2014
  • 511
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары,халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады республика басшысының баспасөз қызметінен.

Н.Назарбаев атап өткендей, Түркменстан Қазақстан үшін жақын әрі бауырлас мемлекет болып табылады.

"Біздің ара -қатынасымыз әрдайым да жақсы болды, қазір де оны дамытуға дайынбыз. Қазір маңызды жоба-Қазақстаннан Түркменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол құрылысын аяқтау міндеті тұр. Ол біткен соң біздің саудалық қатынасымыз жаңа деңгейге көтеріледі", деді президент.

Р.Мередов елбасына Қазақстан-Түркменстан-Иран теміржолының салыну барысы және оны пайдалануға берудің алдын -ала мерзімі туралы айтты.