Бұл туралы сәрсенбі күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.
«Республикамыз бойынша экстремизмге қатысы бар деген айыппен сотталғандар саны 300-ге жуықтайды. Олар да өзге тұтқындар сияқты ұсталады. Бірақ, олардың ішінде өзгелерге кері әсер ететіндер де бар. Ондай санаттағы тұтқындармен жұмыс істейміз. Теолог мамандар, арнайы бағдарлама мен заң актілері бар, сол бойынша күн сайын жұмыс істейміз», — деді Т.Жәнібеков.
Оның айтуынша, радикалды көзқарасынан бас тартқысы келмейтін тұтқындар да бар.
«Көзқарасынан бас тартқысы келмейтіндерді заңғ,а сәйкес жергілікті учаскелерге оқшаулауға құқымыз бар (…). Олармен күн сайын жұмыс істейміз. Радикалды көзқарасын өзгерткендерді кейін кәдімгі колонияларға ауыстырамыз. Оларлың құқықтары бұзылмайды, күн сайын серуендйді, тамақтанады», — деді өкіл.