Қазақстан үкімет басшысы АҚШ энергетика министрінің орынбасарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы АҚШ энергетика министрінің орынбасарын қабылдады

Қазақстан үкімет басшысы АҚШ энергетика министрінің орынбасарын қабылдады

Бүгін, 10-маусымда Астанада Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов АҚШ энергетика министрінің орынбасары Кайл МакСлэроуды қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2004
  • 470
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында үкімет басшысы құрметті мейманға екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқыны туралы құлағдар етті.

Оның айтуынша, 2003-жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 600 млн. доллардан асты. Ал Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемімен АҚШ алдыңғы орында келеді. Соңғы 10 жылда негізінен мұнай өндіру және энергетика саласына жұмсалған инвестиция көлемі 9 млрд. долларға жуық. Сондай-ақ, Д.Ахметов таяу болашақта АҚШ бизнесі республика экономикасының басқа да салаларын игере бастайды дегенге сенім білдірді.
АҚШ-тың танымал компаниялары мен Қазақстан арасындағы көптен бергі әрістестік байланыс туралы сөз қозғаған үкімет басшысы олармен арада қол қойылған келісім-шарттары өзгеріссіз қалатынын, бұл әрістестік байланыстың басты құрамдас бөліктерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, үкімет басшысы Қазақстанның атом энергетикасы мен ғарыш саласын дамыту жоспары жайында әңгімелеп берді.
Өз кезегінде Кайл МакСлэроу «АҚШ Қазақстанды өзінің қуатты әріптесі әрі одақтасы ғана емес, сонымен бірге етене жақын досы деп санайтынын» жеткізе отырып, АҚШ тарапынан екі ел тарапынан да мүдделілік танытылып отырған кейбір салалардағы ынтымақтастық туралы ұсыныстар бар.