Қазақстан үкімет басшысы бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездесті
Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім бүгін Мәсімов "ИСТ" компаниясы тобының вице-президенті Николай Добриновпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесу барысында жүк вагондарына арналған жаңа буынды теміржол тіркемелерін шығаруға қатысты құю цехы зауытының құрылыс жобасы туралы мәселе талқыланды.
Премьер-министр ресейлік компанияның инвестициялық ұсынысын мақұлдап, жобаны дереу іске асыру үшін ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.
Сондай-ақ, бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Мечел" ААҚ бас директоры Игорь Зюзинмен кездесті.
Кездесуде компанияның тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметінің болашағы талқыланды.
И.Зюзин премьер-министрді "Мечел" компаниясының Ақтөбе облысының аумағында ферроқорытпа зауытының құрылысы және хром кен орнын игеру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.
К.Мәсімов ресейлік компанияның бастамасын мақұлдай отырып, Қазақстанның инветорлармен қарым- қатынасқа дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін