Қазақстан үкімет басшысы орны толатын қуат көздері саласында неміс тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы орны толатын қуат көздері саласында неміс тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытты

Қазақстан үкімет басшысы орны толатын қуат көздері саласында неміс тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытты

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Эйке Вебер бастаған Фраунхофер (ГФР) күн энергиясы институтының өкілдерімен кездесуде орны толатын қуат көздері саласында неміс тәжірибесін пайдалануға қызығушылық танытты, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Тамыз 2008
  • 556
Фото - Caravan.kz

Кездесуде күн энергиясын пайдаланудың әлемдік тәжірибесі және орны толатын қуат көздерін пайдалануда, дамытуда және оны өндірудегі Қазақстанның перспективалары талқыланды.

ҚР премьер-министрі орны толатын қуат көздері нарығын реттейтін ұлттық заңдылықты құру барысында, сондай-ақ, энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін және экологиялық таза технологияларды қолдану арқылы экспортқа бейімделген өндірісті дамытуда неміс тәжірибесін пайдалануға қызығушылық білдірді.

К.Мәсімов Фраунхофер күн энергиясы институтымен тәжірибе алмасуға байланысты келіссөздерді жалғастырып, алдағы уақытта 2024 жылға дейін тұрақты даму мақсатында ҚР жаңартылған ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану Стратегиясын іске асыру барысында неміс технологиясын қолдану мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Фраунхофер күн энергиясы институты индустриалды және дамушы елдерде тиімді энергия үнемдеуге қажетті технологияларды зерттеумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар