Сонымен бірге үкімет басшысы ҚазМұнайГаздың жаңа президентіне «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ акцияларының 51% сатып алуды аяқтауды, «Қазақстанның жаңа Салық кодексі қабылданар алдында компанияның одан әрі даму» стратегиясы мен принциптерін қайта қарауды және ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Біз нарықтық экономикалы елміз, және нарықтағы өз үлесімізді нарықтық принциптермен жаулап алу арқылы ел аумағын түгел жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіспіз. Бұл бізге тек жанар-жағармай қамтамасыз етуге ғана емес, баға саясатының да қол жетімділігіне мүмкіндік беруге тиіс», -деді Кәрім Мәсімов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. «Қазақстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ-ның директорлар кеңесі Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдинді ҚазМұнайГаз ҰК президенті қызметіне сайлауға шешім қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті