«Сіздің Қырғызстан Республикасының үкімет басшысы деген жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалуыңызға байланысты менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз»,- деп жазады К.Мәсімов құттықтау жеделхатта. «Сіздің осы жауапты лауазымдағы іс-қызметіңіз екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынасты нығайтуға қызмет етіп, бауырлас халықтардың мүддесіне екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді деп кәміл сенемін»,- деді Қазақстан үкімет басшысы.
Ол сондай-ақ А.Атамбаевқа «Қырғызстанның гүлденуіне бағытталған» іс-қызметіне табыстар тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті