Қазақстан үкімет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті

Қазақстан үкімет басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін атап көрсетті. Бұл туралы пікірді ол бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қазан 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Әлемдегі бір мемлекет те табиғи зілзалалар мен апаттардан сенімді сақтандырылмаған. Қытай мен Қырғызстанда болған ауқымды зілзалалар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі орталығын тездетіп құру қажеттігін талап етеді», -деді Кәрім Мәсімов.

«Біз үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қызметінде экология ажырамас бір құрамды бөлікке айналуы маңызды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі концепцияның жобасын жасау жұмыстарының тым созылып кеткенін айта кеткім келеді «, — деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар