Жарияланды: 410

Қазақстан үкіметі БАҚ қызметін реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін өткен отырыста "БАҚ мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жасалған заң жобасы журналистердің құқығы мен кәсіби мүддесін қорғауға бағытталған", - деді еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. "Заң жобасында "БАҚ туралы" заңның 213-бабының 4.1 тармақшасын алып тастау ұсынылған, бұл журналистердің сұхбат алған кезде аудио- немесе бейнежазба жасауға рұқсат алу міндетін жоюға бағытталған", -деді ол. "Қазір біз үкіметтің отырысында отырмыз, сол себепті журналистерде біздің әрқайсымызға келіп түсірілім жасауға рұқсат алуға мүмкіндігі жоқ. Сіз бен біз жариялы саясаткерлер болғандықтан, мұндай түзетудің қажет екендігін түсінуге тиіспіз, бұл журналистің ақпарат алу жұмысын мейлінше жеңілдете түседі", -деді министр. Сонымен бірге, оның айтуынша, заң жобасымен "БАҚ туралы" заңның 19- бабына және Азаматтық кодекстің 143-бабына "сотта ақпаратты жоққа шығару туралы істі қарауда шағымданушы мен жауапкердің позициясын теңестіру" мақсатындағы түзету енгізіледі. "Қазіргі бар баптардың редакциясына сәйкес, журналист көрінеу айыпкердің позициясында өзі пайдаланған мәліметтердің шындыққа нақты сай келетіндігін дәлелдеп шығуға тиіс", - деді М. Құл-Мұхаммед. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін