Жарияланды: 500

Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк несиелік рыноктағы бәсекелестікті күшейтуге белсенді шара қолдануы тиіс - ҚР Елбасы

Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк несиелік рыноктағы бәсекелестікті күшейтуге белсенді шара қолдануы тиіс. Еліміздің 2003-жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

Банктер таратқан несиелер көлемі 16,3 процентке артып, 780 млрд. теңгеден асқанымен, несиелік өсімақы көлемі жоғары күйінде қалып отыр,- деді Н.Назарбаев. Жеке және заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелердің орташа сыйақылық ставкасы алғашқы жарты жылдықта кему орнына керісінше, 14-тен 15,4 процентке дейін артқан. Ал жылдық сыйақы көлемі 21,5 проценттен 22,2 процентке дейін артты. Қаржы рыногіндегі ликвидтілік деңгейінің едәуір артуына байланысты мемлекеттік бағалы қағаздар рыногін дамытуға бағытталған шаралардың өзектілігі артып отыр. Өйткені, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемі азая түскені белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін