Осы орайда Н.Назарбаев : «Қарашығанақ кенішін одан әрі жетілдіру бағдарламасы ендігі жерде газ жобасына байланысты. Өнім бөлісу жөніндегі негізгі келісімге сәйкес газ жобасы аясында газ өңдеу зауыты мен экспорттық газ құбыры салынады»,- деді.
«Менің тапсырмам бойынша қазір бұл жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалуда, негіздеме жобасы 2003-жылдың күзінде аяқталып , одан әрі жоба тәжірибе жүзінде іске асады»,- деп хабарлады Елбасы. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, бұл — мұнай химиясы саласының қарқынды дамуына және экспорттық өнімдер өндірісін салуды пәрмендендіруге жағдай жасайды.
Кенішті игеру жобасының екінші сатысының аяқталғандығы туралы түсініктеме берген Елбасы «өндірістік кешен құрылысын салуға атсалысқан 9 мың адам жобаның кезекті сатысына жұмылдырылады»,- деп хабарлады.
«Баршамыз алға қойып отырған басты мақсат- конденсат өндіру жөніндегі жылдық көлемді жылына 12 млн. тоннаға , ал газ өндіру көлемін 20 млрд. текше метрге жеткізу болып табылады»,- деді Н.Назарбаев.
Н.Назарбаев алдағы уақытта Қарашығанақ кеніші көмірсутегі шикізатын терең өңдеуші еліміздегі ірі орталыққа айналады дегенге сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр