Қазақстан үкіметі құрылыс рыногы келесі жылдың екінші жартысында жандана түседі деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі  құрылыс рыногы келесі жылдың екінші жартысында жандана түседі деп болжайды

Қазақстан үкіметі құрылыс рыногы келесі жылдың екінші жартысында жандана түседі деп болжайды

Астана. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі құрылыс рыногы келесі жылдың екінші жартысында жандана түседі деп болжайды. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында вице-премьер Ербол Орынбаев осындай пікір білдірді.

  • 8 Қараша 2007
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Банктерде қалыптасқан ахуал мен үкімет көрсетіп отырған қолдауды ескергенде келесі жылдың екінші жартысында рынок қайта жандана бастауы мүмкін», — деді вице-премьер. «Қазіргі басты мәселе — ахуалды тұрақтандыру», — деді ол.

Е. Орынбаев сонымен қатар «қазір «Қазына», тиісті министрліктер мен екінші деңгейлі банктердің арасындағы келісімге қол қоюға дайындық жүргізіліп жатыр», деді.

Бұл ретте «екінші деңгейлі банктер әкімшіліктермен бірлесе отырып арнаулы жұмыстарды жүргізіп, үлес қосушылардың мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін барлық проблемалар айқындалды».

«Меніңше, алдағы сейсенбіде өтетін үкіметтің отырысында саланы қолдау тетіктері түпкілікті бекітіледі», — деді вице-премьер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті