Қазақстан үкіметі республиканың құрылыс нарығындағы ахуалға әліміз келеді деп сендіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі республиканың құрылыс нарығындағы ахуалға әліміз келеді деп сендіреді

Қазақстан үкіметі республиканың құрылыс нарығындағы ахуалға әліміз келеді деп сендіреді

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі республиканың құрылыс нарығындағы ахуалға әліміз келеді деп сендіреді. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 1051
Фото - Caravan.kz

«Ахуалға мемлекеттің әлі келеді, бұл нарыққа үкіметтің араласуы арқылы жеке тлғалардың зардап шегуіне жол бермейміз. Осындай жағдайда қандай әрекет жасау керек екендігі жөнінде түсінігіміз бар», — деді премьер-министр.

Сонымен бірге үкімет басшысы «барлық құрылыс компанияларына бірдей көмектесе беру — асыра сілтеушілік болады», деп атап көрсетті. Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, үкіметтің қолдауынан үмітті құрылыс компаниялары ҚР Индустрия және сауда министрлігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға тиіс.

«Біз осындай компаниялардың іс-қызметін бақылау тетіктерін анықтауымыз қажет», — деді үкімет басшысы. «Халықтың депозиттерімен жұмыс істейтін банктердің іс-қызметін реттеген секілді, заңға үлес иелерінің қаржысымен жұмыс істейтін компанияларды реттеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу жөніндегі жоба дайындауды тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті