Қазақстан үкіметі үлескерлер қаржысын кепілдендіру қорын ашу мәселесін пысықтап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі үлескерлер қаржысын кепілдендіру қорын ашу мәселесін пысықтап жатыр

Қазақстан үкіметі үлескерлер қаржысын кепілдендіру қорын ашу мәселесін пысықтап жатыр

Үкімет Оңтүстік Кореяның тәжірибесі негізінде үлескерлік құрылысқа қатысушылардың қаражатын кепілдендіру қорын ашу мәселесін қарастырып жатыр.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Біз бұл жұмысты «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп атқарып жатырмыз. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына қарай аяқталуы тиіс. Кейін өзгерістер мен түзетулер енгізу қажет болуы мүмкін. Содан соң, 1-қаңтардан бастап біз құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды заң жүзінде күшейтеміз деп ойлаймын», — деді Е.Досаев мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитеті отырысында.

Заң жобасында үлескерлік құрылысты қаржыландырудың екі түрлі тетігі қарастырылған. Біріншісі – құрылыс компаниясы немесе жобалау компаниясы банктен несие алады. Ондай жағдайда үлескерлердің қаражатын құрылыстың нөлдік циклынан бастап қабылдауға болады. Құрылыс компаниясы үлескерлердің қаржысын пайдалануға рұқсат алу үшін өз қаржысының 20-30 пайызын жобаға салуы тиіс. Келісім инжинирингтік компаниямен бекітіледі. Қаражаттың дұрыс жұмсалу жағын сол компания бақылауға алады.

Екінші нұсқа бойынша, құрылысшылар банктен несие алмайды. Бірақ, оларға қойылатын талаптар да күшейеді. Олар үйдің қабырғаларын көтеріп болғаннан кейін ғана үлескерлердің қаржысын қабылдай алады. Мұнда да бақылау инжинирингтік компанияға берілген.