Кодекс жобасында жаңа әрі тұрақты жұмыс істейтін консультациялық- кеңес органы — салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес құру көзделген.
Кеңеске кәсіпкерлердің бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен 15-тен кем емес адам мүше болмақ. Консультациялық кеңесті үкімет басшысы басқарады.
«Кеңестің жоғары мәртебесі салық бойынша міндеттемелерді орындау барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды, нақты емес және айқын емес дүниелерді шұғыл шешіп отыруға және салық төлеуден жалтаруға жол ашатын схемалардың алдын алуға мүмкіндік береді «, — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті