Қазақстан украин халқының таңдауына құрметпен қарайды- СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан украин халқының таңдауына құрметпен қарайды- СІМ

Қазақстан украин халқының таңдауына құрметпен қарайды- СІМ

Қазақстан Украина президентінің сайлау өткізгеніне құрметпен қарайды, деп республика СІМ мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Дауыс беру Украинадағы жағдайды қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болды», делінген СІМ бүгінгі хабарламасында.

Қазақстан өткен сайлау Украинадағы жалғасып отырған конституциялық реформа, бейбітшілік пен келісімді нығайту шеңберіндегі жалпыға бірдей жалпыұлттық диалогты дамытуға және барлық саяси күштер мен ел аймақтарының мүдделерін есепке алуға ықпал етеді.

Біз украин халқының таңдауына құрметпен қараймыз және саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды шоғырландыруға, Украинаның әрі қарай экономикалық және демократиялық дамуына бағытталған әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін қолдаймыз, делінген Қазақстан сыртқы саяси ведомствоның құжатында.