Қазақстан Украинадағы президент сайлауына бақылаушылар жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинадағы президент сайлауына бақылаушылар жібереді

Қазақстан Украинадағы президент сайлауына бақылаушылар жібереді

Украина президентінің кезектен тыс сайлауына бақылау үшін Қазақстаннан тоғыз қысқамерзімді бақылаушы жіберіледі.

  • 23 Мамыр 2014
  • 1420
Фото - Caravan.kz

«АҚДИБ/ЕҚЫҰ миссиясы құрамында үш қысқамерзімді бақылаушы барады. ЕҚЫҰ парламентаралық ассамблеясы құрамында парламенттің төрт депутаты мен тағы екеуі екіжақты келісім бойынша шет мемлекеттерден аккредитацияланғандар», деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан бақылаушылары Украинаға бүгін аттанады. Кесте бойынша, бақылаушылар Украинада сайлауға дейін екі күн және сайлаудан кейін екі күн болады.