«Халықтың әлеуметтік жағдайы ешқандай да нашарламайды. Үкімет мұнай экспортына алым енгізді. Осы арқылы әлеуметтік қажеттерге арналған 170 миллиард теңге толығады. Сондай-ақ тұрғын үйден, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінен, индустриялық-инновациялық жобалардан басқа бірқатар нысандардың құрылысын тоқтата тұрып, тағы 100 миллиард теңгеге жуық үнемдеуге болады. Осылайша, Ұлттық қорға тиіспестен, біз әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере аламыз», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Президент жаһандық қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да ықпал етіп отырғанын атап өтті.
«Қазақстан үкіметінің таяудағы бір-екі жылға басты міндеті инфляцияның өсуін ауыздықтау болып табылады. Бізге экономиканың өсу қарқынын киелі санау жөн болмайды»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті