Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын - ҚР үкімет басшысы
Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын. Бұл туралы бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшыларының Шолпан-Атадағы бас қосуы аяқталғаннан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
"Ыстықкөл - қазақстандықтардың демалысын өткізуді ұнататын орындардың бірі. Біз бұл жердегі бізге деген ыстық ықыласы үшін Қырғызстанға дән ризамыз",- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, қазір Ыстықкөлдегі төрт шипажайды Қазақстанның меншігіне беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. "Бұл шипажайлар тиісті көлемде қаржыландырылады",- деді ол.
Сол үшін "жер пайдалану және меншікке қатысты мәселелер тез арада шешілуі тиіс". Егер осындай қиындықтар шешілсе, "Қазақстан инвестиция салуға дайын. Бізде мұндай мүмкіндік те толық",- деді ҚР үкімет басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін