Қазақстан және Ресей оқушылары бірігіп «Қаражорға» биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресей оқушылары бірігіп «Қаражорға» биледі

Қазақстан және Ресей оқушылары бірігіп «Қаражорға» биледі

Алматы қаласының 103 гимназия және Хабаровск қаласының 26 гимназия оқушылары бірі-бірімен тікелей эфирде байланысқа шықты. «Салауатты өмірге үйрену» телекөпірі барысында Қазақстан мен Ресейдің оқушыларын өз білімдерін тексеріп, әрқайсы өз елінің дәстүрі жайлы баяндады.

  • 25 Ақпан 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, оқушылар бірігіп «Қаражорға» биледі. Бұл ұсынысты қазақстандық оқушылар тастады. Ресейлік оқушылар дәруменге толы тағамдар дайындап, денсаулық туралы ән шырқады.

Аталған іс-шара «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Бұл халықаралық жобаға әлемнің 7 мыңнан астам оқушылары қатысып жатыр.

«Телекөпір біздің оқушыларымыз бен қызметкерлерімізді заманауи өмір деңгейіне икемдеуге аса қолайлы құрал. Бұл өмірдің бұлжымас бөлігі бала кезден-ақ көңіл бөлуді талап ететін — дұрыс тамақтану тәртібі. Осының арқасында оқушыларымыз мектеп табалдырығынан аттағанда денсаулығы мықты, білімі жақсы, ақпараттық технологияны меңгерген, көрші елдерде достары да бар өзіне өзі сенімді адам боп қалыптасады» — дейді Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертхананың бөлім жетекшісі Татьяна Ежова.

Айта кету керек, «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында театрландырылған қойылымдардың фестиваль-байқауы өтті. Оған Алматы қаласындағы 21 мектептің оқушылары қатысты.