Қазақстан және Ресейлік энергетиктер өндірістік сайыстың қорытындысын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресейлік энергетиктер өндірістік сайыстың қорытындысын шығарды

Қазақстан және Ресейлік энергетиктер өндірістік сайыстың қорытындысын шығарды

Ресейдің "Омскэнерго" ААҚ мен "Еуразиялық энергетикалық корпорациясы" (ЕЭК) ААҚ кәсіорындары арасындағы өндірістік сайыстың қорытындысын шығару мақсатымен Ақсуға Ресей Федерациясының Омбы қаласынан өкілдер келді. Бұл туралы ЕЭК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

Екі ел энергетиктері арасында өндірістік сайыс өткізу туралы келісімге 2002-жылы қол қойылған болатын. Сол кезде Ресейдің энергиялық холдингіне қарасты «Алтайэнерго» және «Новосибирскэнерго » кәсіпорындары сайысқа шақырылған. Алайда бұл кәсіпорындар Омбылықтар мен Қазақстандықтардың бастамасын қолдаған жоқ.

«Омскэнерго» ААҚ мен Омбы облыстық «Электропрофсоюз» кәсіподақ комитеті басшылығының пікірінше, сайыс өзара белсенді тәжірибе алмасуға, жұмыста табыстарға қол жеткізуге септігін тигізбек. Ондағылырдың пайымдауынша, еңбектегі бәсекелестік — жұмысқа моральдық серпін беруші басты күш болып табылады.
Өзіндік сыйлық қоры тағайындалған сайыс өндірістік , спорттық және әлеуметтік саладағы бәсекелерді қамтиды.
Мини-футболдан арнаулы кубок үшін , сондай-ақ, волейбол, үстел теннисі мен гир көтеруден құралған бірінші тур сайыстары Ақсуда өтті. «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы»-ның құрамына енетін Ақсу Жылу Электр Станциясының құрамасы жалпықұрамалық бірінші орын иемденсе, «Омскэнерго» ААҚ-ның құрамына қамтылатын ТЭЦ-5 және ТЭЦ-4 құрамалары екінші және үшінші орынға ие болды.
2001-жылдың ақпан айынан бері Ресейдің «Омскэнерго» ААҚ мен «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК) ААҚ кәсіорындары арасында Екібастұз көмірінің жыл сайын 6 млн. тоннасын Омбыға сату жөніндегі келісім шарты бойынша ынтымақтастық жалғасуда.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, 2003-жылдың 6 айында Ақсу Жылу Электр Станциясы 5 094950 мың тонна кВт/сағ (немесе өткен жылғы деңгейдің 136 проценті шамасында) электр қуатын, 8 897 825 тонна (өткен жылғы деңгейдің 38,9 проценті шамасында) көмір өндірген.