Қазақстан жобаның экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда Қырғызстан мен Тәжікстанда Су электр станцияларын салу жобасына қатысуға дайын -ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жобаның экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда Қырғызстан мен Тәжікстанда Су электр станцияларын салу жобасына қатысуға дайын -ҚР үкімет басшысы

Қазақстан жобаның экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда Қырғызстан мен Тәжікстанда Су электр станцияларын салу жобасына қатысуға дайын -ҚР үкімет басшысы

Қазақстан жобаның экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда Қырғызстан мен Тәжікстанда Су электр станцияларын салу жобасына қатысуға дайын. Бұл туралы бүгін, 27-ақпанда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі 9-отырысы аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Ақпан 2004
  • 972
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, су электр станцияларын , соның ішінде Қырғызстандағы Қамбар ата станцияларын салу Қазақстанды «сөзсіз қызықтырады». Сондай-ақ, Д.Ахметовтың хабарлауынша, 2004-жылдың шілде айынан бастап Қазақстан елдің солтүстігін оңтүстікпен байланыстыратын жаңа электр желісін тарта бастайды. Нәтижесінде «біз Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанды Қазақстан арқылы Ресеймен қосатын жаңа электр жалғастырушы көпір құру жөніндегі қосымша мүмкіндікке ие боламыз»,- деді үкімет басшысы.

Өз кезегінде РФ үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы Виктор Христенконың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын ғана Тәжікстан мен Қырғызстанда су электр станциясын салу мүмкіндігі туралы «гитотездік тұрғыда ғана талқыланған». В.Христенконың пікірінше, қазір ахуал өзгеріп, мемлекетаралық кеңестің бүгінгі отырысында электр қуатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың алғашқы нәтижелері талқылана бастады. Нәтижесінде Орталық Азия аймағы елдерінен Ресейге қарай миллиардтан астам кВт/сағ электр қуатын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Ресей үкімет басшысының міндетін атқарушының пайымдауынша, «өзара ықпалдастық схемасының сынақтан өткізілуінің маңызы зор».
Қазір станциялар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау жұмыстары аяқталып келеді. Ол көктемге дейін бітуі тиіс. В.Христенконың айтуынша, негіздеме жобасын «Ресейдің Біртұтас Электр желісі» АҚ жасап жатыр. «Техника-экономикалық негіздеме жобаның құны мен тиімділігі қандай, қосымша тағы да қанша қаржы қажет деген сауалдарға жауап беруі тиіс». «Тек осыдан кейін ғана жобаға қатыстылық түрі» және оның көлемі туралы сөз қозғай бастауға болады, деді В.Христенко.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында Су электр станцияларын салу мүмкіндігі туралы мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Қырғызстанда Қамбар ата атындағы 1-ші және 2-ші су электр станцияларын салуға шамамен 2 млрд. доллар жұмсалады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары Орталық Азия елдері, Ресей мен Дүниежүзілік банктің үлес-қаржысы есебінен жүзеге асырылмақшы. Жоба бойынша, екі электр станциясының бөгеттері Нарын өзенінің бойында, Тоқтағұл су электр станциясынан жоғары орналасатын болады. Ал Тоқтағұл су электр станциясын Өзбекстан мен Оңтүстік Қазақстандық кәсіпорындар көктем-жаз маусымында Сырдария суын мейлінше тиімді пайдалану мақсатындағы су қоймасы ретінде пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар