Жарияланды: 500

Қазақстан жыл соңына дейін ядролық материалдарға бақылау қою жөніндегі қосымша хаттамаға мүшелікке өтпек ниетте

Ядролық қару таратпау жөніндегі Келісімге сәйкес Қазақстан жыл соңына дейін ядролық материалдарға бақылау қою жөніндегі қосымша хаттамаға мүшелікке өтпек.

Бұл туралы бүгін, 22-қыркүйекте Орталық Азия аймағындағы ядролық жолдамаларға экспорттық бақылау жасау жөніндегі семинарда хабарланды. Атом энергиясы жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Александр Кимнің айтуынша, дүниежүзінде соңғы уақыттарда болған оқиғалар Ядролық қару таратпау жөніндегі Келісімнің атом қаруын сатып алуға құлықты мемлекеттердің бұл ниетіне тосқауыл бола алмайтынын айғақтап берді. Сол себепті Қосымша Хаттама МАГАТЭ инспекторларының атом өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға тексеру жүргізу құқығы аясын біршама кеңейтеді. Қосымша хаттаманы бүгінге дейін 78 мемлекет мақұлдаған. Алайда, бұл мемлекеттердің басым көпшілігі атомдық материалдар және технология жасаумен немесе оны пайдаланумен мүлдем айналыспайды. Атом өнеркәсібі немесе оның кейбір элементтері бар, әрі ядролық материалдарды бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламасын жасаумен белсене айналысып жатқан Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан секілді мемлекеттер үшін хаттамаға қол қою , мысалы, "Қазақатомөнеркібі" ҰАК сынды кәсіпорындар есебінен тексерілетін нысандар саны арта түспек. А.Кимнің хабарлауынша, қазіргі таңда МАГАТЭ инспекторлары Үлбі металлургия комбинаты, "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі", Ұлттық ядролық орталықтың зерттеу реакторы тәрізді нысандарды ұдайы тексеріп отырады. Қазақстанның ядролық материалдар айналымында заң бұзушылыққа жол беретіндігі туралы оқтын-оқтын жарық көретін хабарламаларға қарамастан жалпы алғанда МАГАТЭ тарапынан елімізге қандайда да бір наразылық, талап, немесе өкпе-наз айтылып отырған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть