Қазақстанда 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы қаншалықты артады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

Қазақстанда 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

ІІМ мәліметінше, бүгінде елбасының тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде ішкі істер министрлігінің 105 бөлімі таратылып, ІІМ 10 мыңнан аса органы мен бөлімі қысқартылды.

«Сонымен қатар артық басқару бөлімдері таратылып, 1 180 басқару қызметі қысқартылған. Мамандандырылған күзет қызметімен қорғалатын 32 нысан бәскелелік ортаға тапсырылды.

Нәтижесінде полицейлер саны 100 мың адамға шаққанда еуропалық орташа деңгейге дейін, яғни 471-ден 393-ке қысқарды», - дейді министрліктегілер.

<

  • 23 Маусым 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz


«Сонымен қатар артық басқару бөлімдері таратылып, 1 180 басқару қызметі қысқартылған. Мамандандырылған күзет қызметімен қорғалатын 32 нысан бәскелелік ортаға тапсырылды.

Нәтижесінде полицейлер саны 100 мың адамға шаққанда еуропалық орташа деңгейге дейін, яғни 471-ден 393-ке қысқарды», — дейді министрліктегілер.

Оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаржы 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысын арттыруға жұмсалады. Осылайша, патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға, жедел қызметкерлер мен тергеушілердікі 55 пайызға, учаскелік инспекторлар мен ЖОО оқытушыларынікі 25 пайызға, басқа қызметкерлердікі 20 пайызға артады.

Соңғы жаңалықтар