Қазақстанда 15 мың мұғалімге 176 млн теңге төленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 15 мың мұғалімге 176 млн теңге төленді

Қазақстанда 15 мың мұғалімге 176 млн теңге төленді

Прокуратура тексерісінен кейін ұстаздарға 176 миллион теңге төленді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 17 Сәуiр 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекеме қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын тексерген болатын.

"Талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім алатын балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгені анықталды",   — деп жазылған Бас прокуратураның ақпаратында.

Ал мұндай балалармен жұмыс істейтін педагогтар қолданыстағы заңнамада көрсетілген жалақыдан 40% мөлшерінде үстемақы алуы тиіс ("Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкіметтің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысы, "Білім туралы"  заңның 52-бабының 4-тармағы).  

"Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлерге 176, 2 миллион теңге мөлшерінде төлем жасалды", — деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар