Қазақстанда 160 мыңнан астам азамат өз балаларын қамтудан бас тартқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 160 мыңнан астам азамат өз балаларын қамтудан бас тартқан

Қазақстанда 160 мыңнан астам азамат өз балаларын қамтудан бас тартқан

Жеке сот орындаушылар палатасы алименттік қор құруды қолдайды. Борышкер ата-аналардың балаларын әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік алименттік қор құру осыған дейін де талқыланған болатын. Қазақстанда 160 мыңнан астам азамат өз балаларын қамтудан бас тартуда.

  • 1 Маусым 2016
  • 454
Фото - Caravan.kz

Мұндай мәліметті жеке сот орындаушылар палатасы хабарлады. Қазірдің өзінде төленбеген алимент көлемі миллиондаған теңгені құрап отыр. Бір қызығы, борышкерлер тізімінде баласын тастап кеткен әйелдер де бар. Жауапкершіліктен жалтарып жүргендер жазғы демалыс маусымында шет ел асып кете алмайды. 

"Алимент төлейтіндерді жұмысқа орналастыру жағынан құзырлы орындардың көмегі қажет. Сонымен қатар, баланы жалғыз тәрбиелейтіндерге көмектесу керек. Алименттік қор
құру
бастамасын біз қолдаймыз",- деді жеке сот орындаушылар палатасының жетекшісі Сергей ЛИ.

Мұндай қорлар Францияда, Англияда, Норвегияда және Финляндияда бұрыннан бар. Сонымен қатар, жеке сот орындаушылар палатасы заңға өзгеріс енгізу керектігін, яғни борышкерлерді темір торға тоғытып қана қоймай, бюрократиялық жаза тағайындауды ұсынып отыр. Егер бұл жоба мақұлданса, безбүйрек ата-аналар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан анықтаманы, жүргізуші куәлігін, тіпті пойызға билет те сатып ала алмауы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар