Қазақстанда 164 млн теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 164 млн теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды

Қазақстанда 164 млн теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды

Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq-ruby.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 28 Тамыз 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2015-2018 жылдар аралығында 164 млн теңгеден астам сома көлемінде салық төлемегені анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 2-бөлімінің 1-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл бойы ұйымдарда басқарушылық қызметтерді иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, оған негізгі жазаны өтегеннен кейін 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынып, Қазақстаннан шығарылады.