Қазақстанда 2004-жылы салынатын тұрғын үй көлемі 2,5 млн. шаршы метрден асады - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2004-жылы салынатын тұрғын үй көлемі 2,5 млн. шаршы метрден асады - үкімет басшысы

Қазақстанда 2004-жылы салынатын тұрғын үй көлемі 2,5 млн. шаршы метрден асады - үкімет басшысы

Республика үкіметінде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті. Онда тұрғын үй құрылысы саласы бойынша Елбасының халыққа арнаған жолдауында алға қойылған жаңаша міндеттерді жүзеге асыруға республика аймақтарының дайындық деңгейі сарапталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 489
Фото - Caravan.kz

Әкімдер үкімет басшысы Даниал Ахметовқа өз аймақтарындағы құрылыс саласындағы ахуал туралы ақпарат берді. Атап айтсақ, құрылыс компанияларының саны, құрылыс индустриясы кәсіпорындары, олардың қазіргі техникалық және технологиялық дайындық деңгейі, жаңа тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыра бастауға дайындықтары туралы әңгімеленді.

Аймақ басшылары сондай-ақ, құрылыс салуға арналған алаңдар, жөндеуге келетін қаңырап бос қалған үйлер туралы ақпараттарды ортаға салды.
Сондай-ақ, кеңесте тұрғындарды ипотекалық несие алуға ынталандыру мүмкіндіктері қаралды.
Кеңес жұмысын қорытқан Д.Ахметов қазіргі жағдаймен «болашақ ипотекалық несие беру жүйесіне қатысушылар потенциалы айқындалғанын» атап өтті. «Қазір біз қандай облыс қаншалықты аумақта тұрғын үй құрылысын сала алады, қандай облыс қаншалықты инженерлік коммуникациялар салуға тиіс дегенді жақсы білеміз»,- деді. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Елбасының жолдауында межеленген жаңа тұрғын үй бағдарламасының арқау негізі айқындалды.
Д.Ахметовтың пайымдауынша, «Қазақстанның құрылыс саласындағы әлеуеті мол». 2004-жылы елімізде салынатын тұрғын үй көлемі 2,5 млн. шаршы метрден асады. Ал былтыр бұл көрсеткіш 2 млн. шаршы метрден сәл асқан. Үкімет басшысы алдағы уақытта бұл көлем 3-4 млн. шаршы метрге жетеді дегенге сенім білдірді.
Республика аймақтарының мүмкіндіктерін еске отырып жасалған жаңа тұрғын үй бағдарламасы таяу уақыттарда Елбасының қарауына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар