Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды - Дерновой - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды - Дерновой

Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды - Дерновой

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылдың 10 айында ана өлімі 33% азайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қараша 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтау саласындағы бір басымдық — ана мен баланың денсаулығын сақтау. Қазақстанда 2008 жылдың 10 айының қорытындысы оң динамиканы байқатып, осы мерзімде перинаталдық көмек көрсетудің жаңа принциптерін пайдаланудың арқасында ана өлімі 33% азайды «, -деді А. Дерновой.

Дегенмен, оның айтуынша, ана өлімінің көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астанада жоғары күйінде қалып отыр. «Ал Жамбыл Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында өлім көрсеткіштерінің 30% аудандық ауруханалардың үлесіне тиеді, бұл әйелдерді облыстық деңгейде кәсіби көмек көрсетуге дер кезінде жіберуге байланысты», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар