Жарияланды: 740

Қазақстанда 2011-2012 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізілді

Қазақстанда 2011-2012 жылдарға пойыздар қозғалысының жаңа кестесі енгізілді, делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, 29 мамырда 2011-2012 жылдарға арналған поездар қозғалысының жаңа кестесі енгізілді. Жолаушылар және қала маңы поездарының 150 жұбы белгіленді. Оның ішінде: «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жасақтауындағы жолаушылар поездарының 50 жұбы, ТМД елдері теміржол әкімшіліктері жасақтаған жолаушылар поездарының 27 жұбы, жеке тасымалдаушылардың жолаушылар және қала маңы поездарының 12 жұбы, «Қала маңы тасымалы» АҚ жасақтаған қала маңы поездарының 61 жұбы бар. Сондай-ақ, жыл бойы айналымда болатын ауысып отырусыз және тіркемелі вагондардың 18 бағыты, жазғы маусымда жүретін вагондардың 9 бағыты бар. Поездардың жаңа кестесінде ТМД елдері теміржол әкімшіліктері жасақтаған екі жаңа поезд және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жасақтауындағы бір поезд бар. Бұл -аптасына бір рет жүретін Брест-Қарағанды бағытындағы № 317/318 поезы (Беларусь теміржол әкімшілігі), аптасына бір рет жүретін Худжанд – Мәскеу бағытындағы № 359/360 поезы (Тәжікстан). ПКүнара жүретін Атырау-Астана бағытындағы № 47/48поезд. Сонымен бірге, Ақтөбе-Астана № 58/57 жүрдек поезының жүрі бағыты да өзгертілді. Поездың жаңа жүру бағыты Бурабай курорты, Көкшетау-1, Қостанай станциялары арқылы өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть