Қазақстанда 2012 жылы темекі қораптарында қорқытатын пиктограммалар пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2012 жылы темекі қораптарында қорқытатын пиктограммалар пайда болады

Қазақстанда 2012 жылы темекі қораптарында қорқытатын пиктограммалар пайда болады

Қазақстанда 2012 жылы темекі қораптарында қорқытатын пиктограммалар пайда болады, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов.

  • 31 Мамыр 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда 18 айдан кейін темекі қораптарында «темекі тартуға қарсы» пиктограммалар пайда болады. Бұл темекі өнімдері қаптаған қораптардың, стандарт емес қораптардың да үстіңгі бөлігінде орналасатын ескерту болады», — деп мәлім етті сейсенбі күні баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Е. Байжүнісов.

Ол министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес түзетулер енгізгенін жеткізді.

«Қазір кодекске түзетулер Қазақстан президентінің қарауында жатыр, біз қол қойғанын күтіп отырмыз, сосын темекі өнімдерінің қораптарын өзгерту жұмыстарын бастаймыз», — деді вице-министр.

Баспасөз мәслихатында министрліктің өкілдері темекі тартудан болатын аурулардан зардап шеккен адам ағзасының мүшелері бейнеленген пиктограммалардың үлгілерін таратты.

«Темекінің жаңа қораптары енгізілген соң темекі тартатын 4 млн қазақстандықтың 210 мыңы бірден жаман әдеттерін тастайды. Ал 840 мың темекі шегуші 2-3 күнде темекіні тастайды. Бұл сандар осындай темекі қораптары енгізілген елдердің статистикасына негізделген», — деді вице-министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда жыл сайын темекі тартудың ауыр салдарынан 25 мың адам өмірімен қоштасады.

Еске сала кетейік, 31 мамыр Дүниежүзілік темекісіз күн ретінде атап өтіледі. 2011 жылы ол ДСҰ-ның темекіге қарсы шеңберлі конвенциясына арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар