2,9 пайызды құрайды. Бұл туралы кеше Алматыда Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға жасалған шолуды таныстыру барысында БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Солтүстік және Орталық Азия бойынша субаймақтық бөлімінің басшысы Тициана Бонапаче мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін экономикалық өсім 2015 жылы 1,5 пайызды көрсетуі мүмкін.
«Қазақстан Үкіметі қазір әлеуметтік төлемдерді және жалақыға қатысты шығындарды 10 пайызға көтерді. Сонымен қатар, экономиканың басымды секторларындағы ірі көлемді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында шетелдік инвестицияны тарту үшін салық бойынша өте оңтайлы жеңілдіктер енгізіп жатыр. Үкімет сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында үш жылға шақталған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Соның аясында енді жылына 3 млрд. теңгеден бөлінетін болады», — деді өз сөзінде Т. Бонопаче.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен таныстырылым шарасына 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында ғалымдар, белгілі экономистер, қаржыгерлер, мемлекеттік органдардың және БҰҰ ұйымдарының өкілдері болды.
Айта кетелік, шара барысында Азия-Тынық мұхит аймағындағы дамушы елдердің экономикалық өсімі 2015 жылы 5,9 пайызды құрауы мүмкіндігі айтылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 5,8 пайызды құраған болатын. Дегенмен, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ұлттық валюталардың құнсыздану ықтималдығы барлық елдерге тән ортақ тәуекел болып отыр.