Қазақстанда 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақстанда 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған

Қазақстанда 2017 жылы 26 бала өлтіріліп, 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған.

  • 31 Мамыр 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың өзінде елімізде 26 бала өлтірілген. Біз суицид салдарынан жыл сайын балаларды жоғалтып отырмыз. 2013 жылы 200 бала өз-өзіне қол салған, ал 2017 жылы олардың саны 136 болды. Иә, азайып жатыр, бірақ біздің мұны қуанып айтуымыз жөн емес деп санаймын. 136 бала суициді — бұл біздің балаларымыздың өмірі. Біз нені дұрыс жасамай жатырмыз? Мемлекет жүргізіп жатқан шаралар неге нәтиже бермейді? Неге бейбіт және соғыссыз өмір сүріп жатқан заманда балалар өлімі көбейіп жатыр?", — деді Бәлиева депутаттарға Мәжілістің кеңейтілген отырысы барысында.

Оның айтуынша, балалар өздерінің жақындарының арасында жүріп, ауруханаларда, мектептерде, аулаларда — мемлекет, отбасы, қоғам бар жерде көз жұмып жатыр.

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бүкіл әлемдегідей көлеңкеде қалып қоя береді, себебі ол жайлы көбі ашық түрде мәлімдей алмайды. Ал Қазақстан бұл жайлы ашық айтады, барлық шараны қолданып жатыр. (…) Мысалы, 2015 жылы Норвегияда жол бойында немесе ауруханаларда бірде-бір бала қайтыс болған жоқ, бірде-бір бала зорлық көрген жоқ", — деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева.

Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар