Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді - Ұлттық банк - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді - Ұлттық банк

Қазақстанда 2023 жылдың аяғына қарай инфляция бәсеңдейді - Ұлттық банк

 

  • 27 Тамыз 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

2023 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы инфляция базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдану жағдайында ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфляция, біздің болжамдарымыз бойынша, базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын шешімдер, контрциклдік фискалдық ережені жоспарлы түрде жүзеге асыру, сыртқы инфляциялық қысымды кезең-кезеңмен төмендету аясында 2023 жылдың аяғына қарай ағымдағы деңгейден 7,5-9,5 пайызға дейін бәсеңдейді", ​​- деді Баймағамбетов үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық банкте кезекті болжам жасау раунды өтіп жатыр, оның қорытындысы биыл 5 қыркүйекте жарияланады.


Орта мерзімді перспективада жаңа сілкіністер болмаған жағдайда инфляция 2024 жылдың аяғына қарай мақсатты дәлізге жақындайды, деп қосты Баймағамбетов.