Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді

Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді

Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. 

  • 9 Қыркүйек 2019
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-поталы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де ықпалын тигізуді жалғастыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағаймен және республиканың көптеген облыстарында аталған аралыққа төмен ауа температурасы сақталады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік күтіледі.


Республиканың тек батысында антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады.

Соңғы жаңалықтар