Жарияланды: 520

Қазақстанда 3322 округ бойынша мәслихаттың 2677 депутаты сайланды

22-қыркүйектегі жағдаймен елімізде барлығы 3322 сайлау округі бойынша 2677 мәслихат депутаты сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.

557 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 86 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Алматыдағы 37 округ бойынша 22 депутат сайланды. Ал 15 округте қайталап дауыс берілмекші. Астанада 25 округ бойынша 17 депутат сайланды. 8 округте дауыс беру жұмысы екінші қайта жүзеге асырылады. Ақмола облысы бойынша 276 округте 236 депутат сайланды. 30 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 10 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Ақтөбе облысы бойынша 204 округте 204 депутат сайланды. Мұнда қайталап дауыс беру және қайта сайлау жұмыстары жүргізілмейді. Алматы облысында 334 сайлау округінде 321 депутат сайланды. 8 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 5 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Атырау облысында 134 округте 131 депутат сайланды. 2 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 1 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Шығыс Қазақстан облысында 321 округте 227 депутат сайланды. 78 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 16 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Жамбыл облысындағы 205 округте 138 депутат сайланды. 67 округте қайталап дауыс беріледі. Батыс Қазақстан облысында 200 сайлау округінде 182 депутат сайлау додадсында жеңіске жетті. 14 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 4 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Қарағанды облысында 298 округте 205 депутат сайланды. 83 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 10 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Қызылорда облысында 147 округте 100 депутат сайланды. 44 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 3 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Қостанай облысында 301 округте 258 депутат сайланды. 37 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 6 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Маңғыстау облысында 102 округте 72 депутат сайланды. 22 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 8 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Павлодар облысында 206 округте 191 депутат сайланды. 12 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 3 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Солтүстік Қазақстан облысында 217 округте 188 депутат сайланды. 19 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 10 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Оңтүстік Қазақстан облысында 315 округте 186 депутат сайланды. 119 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 10 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Жергілікті өкілетті органдар сайлауына сайлаушылардың 56,4 проценті, немесе тізімге қамтылған 8 млн. 139 мың 225 сайлаушының 4 млн. 590 мың 896 адамы қатысты. Ақмола облысында дауыс беруге 294736 сайлаушы (64,6%), Ақтөбе облысында 254413 (74%), Алматы облысында - 613865 (75,2%), Атырау облысында - 135418 (54,9%), Шығыс Қазақстан облысында - 464541 (52 %), Жамбыл облысында - 293016 (61,6 %), Батыс Қазақстан облысында- 214680 (60,8%), Қарағанды облысында - 353870 (46,6%), Қызылорда облысында - 203615 (62,3%), Қостанай облысында - 327493 (60,8%), Маңғыстау облысында - 81826 (46,4%), Павлодар облысында- 199541 (46,6%), Солтүстік Қазақстан облысында - 284218 (68,2%), Оңтүстік Қазақстан облысында - 632331 (62,5%). Астана қаласында 66302 адам (32,9%), Алматы қаласында- 171031 (24,6%) адам дауыс берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін