Қазақстанда 36 градусқа дейін күн ысиды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 36 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстанда 36 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 27-29 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 26 Сәуiр 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz


Кезең соңында ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер күн күрт жылынатынын айтты.

"Атлантикалық циклонның әсерінен кезеңнің басында республика аумағында ауа температурасы 15-26°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 28-36°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Кезеңнің соңында Солтүстік-Батыс антициклонының ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы түнде, елдің солтүстігінде 3°С аяздан 5°С жылыға, күндіз 8-15 °С жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік өңірлерінде күндіз термометр бағандары 20-28°С-қа жылыға дейін төмендейді. Жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін", — дейді синоптиктер.