Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

 

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Сaravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінде суық солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар).

"Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градусқа дейін, республиканың қиыр солтүстігінде 42 градусқа дейін, орталықта және шығыста 28-33 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 5-13 градус аяз. Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында желдің күшеюі күтіледі", — делінген хабарламада.