бұл өткен жылмен салыстырғанда 37% артық, деп хабарлады қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
"Алдында біз бөкен санын арттыру бағдарламасын қабылдаған болатынбыз, ол жемісті түрде жүзеге асырылуда. Егер 2004-2005 жылдары оның саны 30 мыңға дейін түсіп кеткен болса, қазіргі уақытта ол 256 мыңға жетті", деді ол Астанада жұмада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Мамандардың айтуынша, алдағы 5-10 жылда оның санын жарты миллионға жеткізуге мүмкіндік бар", деді министр.
"Бөкен санын жақсылап көбейтсек, бұдан бизнес жасауға болады, өнімнің бір бөлігін рынокқа шығаруға болады. Қазір біз бөкендерді қорғап, санын арттырып қана отырмыз", деді ол.
Бұрыннан белгілі, Қазақстанда бөкен атуға 2021 жылға дейін мораторий жария етілген.