Қазақстанда 57 үлестік құрылыс нысаны аяқсыз қалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 57 үлестік құрылыс нысаны аяқсыз қалып отыр

Қазақстанда 57 үлестік құрылыс нысаны аяқсыз қалып отыр

Қазақстанда барлық проблемалы үлескерлік құрылыс нысандары биылғы жылы аяқталады, деп Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі агенттік басшысы Серік Нокин мәлімдеді.

  • 8 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz



«2011 жылдың 1 маусымына шаққанда аяқталмаған 57 үлестік құрылыс нысаны қалып отыр. Оның 25-і Астанада, 18-і Алматыда, ал 14 құрылыс нысаны басқа аймақтарда. Барлық нысандар биылғы жылы аяқталмақ», — деп С.Нокин «Интерфакс-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында атап көрсетті.
Республикада қабылданған шаралар барысында 54 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді және 397 үлескерлік құрылыс нысаны іске қосылды.
С.Нокинмен сұхбаттың толық мәтінін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің www.interfax.kz сайтынан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар