Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді

Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс форматын өзгертті деп хабарлады жергілікті БАҚ.

  • 26 Наурыз 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы azattyq-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Tengrinews сайтының жазуынша, 26 наурыз күнгі мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин отырысқа кей депутаттар келмегенін, "ДДСҰ кеңесін ескеріп, 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа келмеуге кеңес бергенін" айтқан.

Нығматуллиннің сөзінше, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.

Сайттың жазуынша, мәжіліс отырысына депутаттардың барлығы маскамен келіп, бір-бірінен алшақ отырған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілген. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.


Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 88 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 34 адам, Нұр-Сұлтанда — 46 адам, Қарағандыда — екі адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 21 мыңнан астам адам қаза болған, 114 мыңнан астам адам айыққан.

Соңғы жаңалықтар