Жарияланды: 390

Қазақстанда 9 айда 15 080 тонна уран өндірілді

Қазақстанда уран өндіру 9 айдың ішінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Өндірілген 15 080 тонна уранның 8 601 тоннасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның үлесінде. Бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 8 пайызға артық.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шоғырландырылған табыс 203,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға төмендеген. Оған уран жеткізу кезеңінің 4 тоқсанға шегерілуі мен екінші тоқсанындағы спот индикаторының төмендеуі өз әсерін тигізді. Жалпы үшінші тоқсанда таза табыс 25 млрд. теңгені құрады. Ұлттық компанияға қарасты «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да 9 айда өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда бериллий өнімдерін шығару 13 пайызға, тантал өнімдерінің өндірісі 17 пайызға артып отыр. Ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысындағы тұтынушылар үшін 3 401 млн. кВт/сағат электр энергиясы, 2 180 мың ГКал жылу энергиясы шығарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін