«Үкіметтің ағымдағы жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, Қылмыстық-процессуалдық кодекске алынған есірткіні сот процессіне дейін жою мүмкіндігі енгізілді. Қайта және қосымша сараптама жасау үшін әрбір партиядан үлгі алынады. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының сақтау камераларында 23 тонна әртүрлі есірткі оның ішінде 600 кг артық героин сақталуда»,- деп хабарлайды комитеттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті